Балабақшалар мамыр айының соңына дейін ашылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақшалар мамыр айының соңына дейін ашылуы мүмкін

12.05.2020

Балабақшалар мамыр айының соңына дейін ашылуы мүмкін. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мекемелер Білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы алгоритмге сай жұмыс істеуі тиіс. Әр топта бала саны 15-тен аспау керек. Балаларды медицина қызметкері мекеме сыртында қабылдайды. Ата-аналар ғимаратқа кірмейді. Бүлдіршіндердің дене қызуы күніне 3 рет тексеріліп, денсаулығы жіті қадағаланады. Бала-бақша мамандары да күн сайын тексеруден өтеді. Жұмыс тәртібі қалыпты режимде болады. Дезинфекциялық тазалық жұмыстары күніне 3 рет жүргізілуі тиіс. Бала-бақшаға бірінші кезекте жұмысы басталған, баласын үйінде қалдыруға мүмкіндігі жоқ қызметкерлердің балалалары қабылданады. Одан соң өзге ата-аналардың өтініші қаралады. Әр мекемеде қанша топтың болатыны монитронг жұмыстырынан соң белгілі болады.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу