Алматы маңындағы блок бекеттерде жағдай тұрақтала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы маңындағы блок бекеттерде жағдай тұрақтала бастады

12.05.2020

Алматының бақылау бекеттерінде жағдай тұрақтала бастады. Аздаған кептеліс бар. Бірақ кешегідей ұзын-сонар кезек пен қаумалаған халық көрінбейді. Қызметкерлердің де жұмысы жеңілдеген. Әскерилер негізгі жұмысына оралып, орнына қосымша тәртіп сақшылары тартылды.

Қалалық полиция департаменті облыстан қаладаға жұмысына барғандар үйлеріне кері қайта алатынын айтты. Бекеттерде жағдай тұрақталғанымен, заң бұзушылық азаймай тұр. Еш себепсіз, рұқсатсыз, тіпті жүк көліктеріне тығылып өтпек болғандар да бар. Алайда, төтенше жағдай алынғандықтан, олар аталған режимді бұзу бабы бойынша жазаға тартылмайды.

Қазір қала шетіндегі барлық 27 блок бекет қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Әскери қызметшілер негізгі жұмысына оралуына байланысты бекеттерге аудандық полиция басқармаларынан қосымша мамандар тартылған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу