Елорда аумағындағы блок бекеттерден қос тарапта жұмыс істейтін тұрғындар ғана өте алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда аумағындағы блок бекеттерден қос тарапта жұмыс істейтін тұрғындар ғана өте алады

12.05.2020

Әкімдік алды абыр-сабыр, блок бекеттерде қарбалас. Жұртшылық төтенше жағдай аяқталған соң жиналып қалған жұмыстарын бітіруге кірісті. Бірақ көпшілік бақылау бекетінен бәрін бірдей өткізе бермейтінін білмесе керек. Дегенмен үмітті.  

Елорда аумағындағы 6 бақылау-өткізу пунктінің бірі – Қараөткелде де адам қарасы үзілмейді. Карантиндік аймақтан тыс ауылдан кіруге, не шығу үшін халықта шаруа көп.

Ал Талапкер бекетінде сірескен көлік, кезек күткен жолаушы. Мына күннің астында қалған қарияға төтеншелік бас киімімен көлегейлеп сая болып тұр. Басқалары да қарсы бетке өту үшін ыстыққа шыдауға бар. Бірақ оңайлықпен шешілмей жатыр.

Әзірге тек блок бекеттерден кедергісіз өтуге қос тарапта жұмыс істейтін тұрғындарға рұқсат берілген. Ал өзге шаруалар бойынша штаб жеке қарап шешім шығарады. Солайша Талапкер селолық округіне қарасты Қажымұқандықтар анықтамалық құжатын тіркете бастаған.

Ел президенттігіне экс үміткер Сәдібек Түгел де бекетке келіп біраз бөгеліп қалды. Бірақ сабырлық танытып, сапарын жалғастырды.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу