Петропавлдың дәл іргесіндегі Бәйтерек ауылы заңсыз пайда болған қоқыс полигонының зардабын тартып отыр. Өйткені елді мекеннің маңында тұрмыстық қалдықтардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Мәселенің шешімін таппай келе жатқанына 3- жыл.
Осыдан 5 жыл бұрын қала түбіндегі Бескөл ауылындағы қоқыс полигоны жабылған соң тұрмыстық қалдықтар іргедегі Бәйтерек елді мекенінің жанына төгіле бастаған. Содан бері маңайдағы 7 ауылдың тұрмыстық қалдықтары осында әкелінеді. Бірақ полигон заңды түрде тіркелмеген. Жылда қаржы тапшылығы қолбайлау.
Қазір бұл полигонның аумағы 8 гектардай жер. Талап бойынша орманнан 300, егістік алқабынан 250 метр, елді мекеннен 1 шақырым қашықтықта орналасуы тиіс. Бұл аумақ ол стандарттарға да сай келмейді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ