Елордада балабақшалар жұмысын бастамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада балабақшалар жұмысын бастамақ

06.05.2020

Бас шаһарда балабақшалар да өз жұмысын бастамақ. Қазір санитарлық мамандар бөбекжайда тазалық жұмыстарын жүргізіп, әзірлеп жатыр. Әр балабақша алдын-ала ата-аналар арасында сауалнама жүргізіп, бірнеше кезекші топтар құрады. Әрбір бүлдіршіннің қолында туған-туыстарынан ешкімнің коронавируспен ауырмағаны туралы анықтама болуы шарт. Сондай-ақ балабақшада істейтін тәрбиешілер Covid-19-ға тест тапсыруылары тиіс. Ал балабақшаға келмейтін бүлдіршіндердің орны сақталады.

Сонымен қатар эпидемиологиялық ахуал тұрақты болса, елорадада 11 мамырдан кейін қоғамдық көліктердің қозғалысы қайта жандануы мүмкін. Мемлекеттік комиссия бұл мәселеге қатысты қалалық әкімдіктің ұсынысын қарастырып жатыр. Қоғамдық көліктер жұмысқа шықса, автобуста жүрудің жаңа ережелері енгізілмек. Мәселен, жүргізуші орны қоршалады, төлем қолма қол ақшасыз жасалады. Ал жолаушылар міндетті түрде медициналық маска мен қолғап киюлері керек.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу