Алматыда жұмысын бастаған 96 кәсіпорын басшыларына айыппұл салынуы мүмкін
Алматыда жұмысын бастаған 96 кәсіпорын басшылары айыппұл арқалауы мүмкін. Оларға санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін хаттама толтырылды. Бұл істер енді әкімшілік сотта қаралады. Мегаполисте бүгінге дейін 1500-ге жуық кәсіпорын тексеруден өтіп, олардың тек 80 пайызы ашылуға рұқсат алған.
Мобильді топ бір ауданда күніне 10-нан астам мекемені аралайды. Солардың кемінде екеуі карантин ережесін сақтамайтынын айтады мамандар. Қазір қалада 2 кезең бойынша мыңнан астам нысанның жұмысы жанданды. Келесі аптада мекемелер қатары тағы артады. Алайда, 20 мобильді топ бәрін тексеріп үлгере алмай жатыр. Сондықтан комиссия кәсіпкерлердің жауапкершілікті жіті сезініп, қауіпсіздік щараларын барынша сақтауға шақырып отыр.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18