Өзбекстаннан Түркістан облысына көмек келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстаннан Түркістан облысына көмек келді

06.05.2020

Өзбекстаннан Түркістан облысына көмек. Оңтүстіктіктегі көршіміз 200-дей сарбазын, 50 шақты техникасын жіберді. Олар тасқынның салдарын жоюға көмектеседі. Бүгін Роман Скляр бастаған мемлекеттік комиссия алдымен Өзбекстанға, одан Мақтаарал ауданына барып, халықпен кездесті.

Роман Скляр мінген тікұшақ алдымен шекара асып, Сардобаның үстімен ұшып өтті. Алып гидронысанның жан-жағы қымталып, су тоқтаған. Демек, қауіп жоқ.

Бұл Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрінің орынбасары. Қазақ еліне қолғабыс етеміз деп, 46 техникасын, 200 адамын Өргебас ауылының іргесіне әкеп тіреді.

Өмірзақ Шөкеев бастаған топ алдымен өргебастықтармен кездесті. Өре түрегелген жұртқа мал-мүліктің, егістіктің есебі шығарылып, әр адамға өтемақы төленетінін түсіндірді. Ешкім назардан тыс қалмайтынын айтты Роман Скляр.

Әкім үйінен айрылғандарға кең сарайды уәде ете алмайтынын, 100 шаршы метр болатын шағын баспана салып беретінін, өзім салам дегендерге қой демейтінін айтты.

Бүгін Мартааралға Қызылорда, Жамбыл облысынан, Шымкент, Алматы қаласынан апаттық құтақару жұмыстарына мыңдаған адам, жүздеген техника көмекке келді.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу