Қостанай облысында 30-ға жуық адамды кене шаққан
Кенеден келетін кеселден сақтаныңыз! Қостанай облысында көктем шыққалы кене шаққан 27 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 15-і 14 жасқа дейінгі балалар. Облыс аумағында иксод кенелердің белсенділігі сәуір айының ортасында білінген. Бұл қансорғыш жәндіктерден энцефалит, боррелиоз тәрізді жұқпалы аурулар тарайды. Әзірге кене шағып көмекке жүгінгендерден ондай қауіпті дерт анықталған жоқ. Бәріне арнайы екпе жасалып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Мамандар қауіптің алдын алу мақсатында даладан кене жинап, оларда қандай дерттің қоздырғыштары бар екенін анықтаумен айналысып жатыр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18