Коронавирустан тағы 2 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан тағы 2 адам қайтыс болды

05.05.2020

Жамбыл облысында індет құрығына іліккен науқас қайтыс болды. Өңірде алғаш рет адам өлімі тіркеліп отыр. 1959 жылы туған азамат - Павлодар облысының тұрғыны. Аймақ шекарасын кесіп өтпек болғанда оның дене қызуы көтеріліп, стационарға жатқызылған. Әлсіздік пайда болып, құрғақ жөтел қысқан. Оған дейін жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруына шалдыққан науқастың тынысы тарылып, жағдайы күрт нашарлаған.

Қарағанды облысында да коронавирустан тағы бір адам көз жұмды. Теміртаулық 1959 жылғы ер адам 20 сәуірде пульмонологиялық орталыққа өкпесі қабынып түскен. Екі күннен соң науқастан алынған сынама қорытындысы бойынша COVID-19 инфекциясы анықталған. Жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасағанымен, өкінішке орай, науқастың өміріне араша түсе алмады. Марқұм болған азамат 2019 жылдан бастап онкологиялық орталықта есепте тұрған.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу