Әуеде сынып қалған әскери ұшақ Жетігенге аман-есен қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуеде сынып қалған әскери ұшақ Жетігенге аман-есен қонды

05.05.2020

Көкте сынып қалған әскери ұшақ жерге сәтті қонды. Әуе көлігі Алматы облысы Жетіген ауылының аэродром аумағына екінші рет келген кезде қонған.

Бортта үш адам, яғни экипаж командирі, көмекшісі және борт-инженер болған. Кеше кешкісін жоспарлы тапсырманы орындау барысында ұшақтан техникалық ақау шыққан. Соған қарамастан, төтенше жағдай кезінде кәсіби ұшқыштар әуе көлігін алдыңғы шассиінсіз жерге сәтті қондыра білді. Оның оңайға соқпағаны мына таспадан көрініп тұр. Командирдің алғашқы әрекеті болмады. Оған дейін ұшақтың мейлінше қауіпсіз қонуы үшін, жолға көбік шашылып, арнайы жұмыстар жүргізілді.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу