Еліміз қазіргі қиындықтардан ширап, шыңдалып шығады - Қ.Тоқаев
Еліміз қазіргі қиындықтардан ширап, шыңдалып шығады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында күрделі кезеңнен осылай ой түйіп, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап берген. Қазіргі кезеңде елдің айбынды қалқаны тек әскері ғана емес мықты медицина екенін де тілге тиек еткен. Алдағы уақытта бұл салаға баса назар аударылмақ. Ал пандемияға байланысты ұлы тұлғаларымыз Абай мен Әл-Фарабидің мерейтойлары қалай атап өтілмек. Мемлекет басшысы бұл сауалға да жауап қатты.
Жаханның тынысын тарылтып, тұрмысын тұралатып тастаған вирус ел экономикасына үлкен соққы болды. Індетпен ілесіп келген дағдарыспен күресу үшін 6 триллион теңге бөлінген. Мұқтажға көмек, кәсіпкерлерге қолдау жасалды. Енді жұмыссыздықты болдырмау үшін жаңа шаралар қолға алынады.
Ал вирустан кейінгі жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен ұлттық құндылықтар ұлықталады.
Карантин кезінде ел тұрғындарының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына айтар уәжі көбейді. Озық технологиялар заманында кей азаматтар үшін интернетке қол жеткізу қиындап кетті. Енді бұл бағдарламаның кемшін тұстары анықталып, қайта қаралады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы