Ақтаудағы жасанды көл адам өміріне аса қауіпті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы жасанды көл адам өміріне аса қауіпті

04.05.2020

Ақтаудан жиырма бес шақырым жердегі жасанды көл адам өміріне аса қауіпті. Көлден сынама алған мамандар осылай деді. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы аумағындағы бұл жерде бір кездері уран өндірілген. Соған қарамастан, тұрғындар карьер жанындағы көлге шомылып, демалуды әдетке айналдырған.

Экологтар қауіпті дейді! Судан алынған сынама құрамында зиянды заттардың бар екенін көрсеткен. Бес бірдей уран карьерінен 500 метр ғана қашықтықта орналасқан жер асты суының адам ағзасына қауіпті екені айтпаса да түсінікті.

Қауіпті аймақ соңғы рет 12 жыл бұрын зерттеліпті. Ол кезде карьер түбіне түспесе, ашық жатқан аумақ адам денсаулығына аса зиянды емес деген қорытынды шыққан. Алайда, судан алынған сынамадан кейін алаңдауға негіз бар. Сондықтан экологтар карьер маңы қоршалуы тиіс деп жергілікті билікке хат жолдады.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу