Басты Жаңалықтар Алдағы уақытта ұялы телефонды төлқұжат ретінде пайдалануымыз мүмкін

Алдағы уақытта ұялы телефонды төлқұжат ретінде пайдалануымыз мүмкін

Мәжілісте осы цифрлық технологияға қатысты жаңа заң жобасы мақұлданып, сенатқа жолданды. Жалпы, карантин жылдар бойы ойда жүрген жобаларды қысылтаяң уақытта жүзеге асыруға мәжбүр етіп отыр. Салада үлкен серпіліс болып, сең қозғалып жатыр.  

Бұған дейін эклектронды жүйені дамытуға мемлекеттік органдар арасындағы қағазбастылық тікелей кедергі болып келді дейді сарапшылар. Бір құжатты келісу үшін апталап тіпті айлап күтуге тура келді. Бұл жолы президеттің тікелей пәрменімен тараптар жылдам мәмлеге жасасуға мәжбүр болды. Тіпті, банктер де мемлекет басшысының сынын соң санаулы күнде есеп-шоттарды онлайн ашуға мүмкіндік жасады.

Заң жобасында тіпті келшекте боллар өзгерістер де ескерліген. Мәслен, онда «зияткерлік роботтар» ұғымы енгізіліп отыр. Себебі болашақта қазақстандықтар да құлтемірлердің қызметін пайдалануы ғажап емес. Сондықтан құжатта робот алатын азаматтардың жауапкершілігі қарастылырып жатыр. Яғни құлтемірдің қарекетін үшін қожайыны жауап береді.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Бөлісу