Басты Жаңалықтар Карантин кезінде адамдарды бақылауға арналған қосымшалар қаншалықты қауіпсіз?

Карантин кезінде адамдарды бақылауға арналған қосымшалар қаншалықты қауіпсіз?

Карантин кезінде науқастарды бақылауға арналған қосымшалар жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығының мамандары осылай дейді. Олардың пайымдауынша, төтенше жағдай кезінде жедел жасалып жатқан цифрлы технология туындылары сапасыз болуы әбден мүмкін. Айта кетейік, осы күні елді науқастармен байланыста болған 32 мыңнан астам осындай қосымша арқылы бақылауда отыр.

Сондықтан, IT мамандар қазір осындай жайттарды бақылайтын құзырлы органның пайда болуына ықпал ететін заңның тез қабылдануы қажет деп отыр. Естеріңізге сала кетейік, елде дербес деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға қатысты заң Парламентте қаралып жатыр. Онда желіге жүктелген жеке мәліметтерге жауапты тұлғаға жаза қарастырылған. Әзірге Денсаулық сақтау министрлігінің сөзіне сенуге тура келеді. Ведомство өкілдері карантин аяқталған соң тіркелген адамдар туралы барлық ақпарат базадан өшірілетініне кепілдік беріп отыр. Бастысы бұл пандемияның одан әрі өршімеуі үшін жасалған мәжбүрлі әрі қолайлы қадам екенін ескерген жөн. Адамның өмірі жеке деректен маңыздырақ.

Абылай ҒӘДІЛЖАНҰЛЫ


Бөлісу