Елордада 150 медициналық қызметкер вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жағымды көрсеткiш бар. Мамандардың айтуынша, соңғы екi күнде iндеттiң таралуы 2,6 пайызға төмендеген. Жалпы елордада вирусқа шалдыққан 630-дай адам тiркелдi. Оның 36 пайызы дертiнен айықты. Науқастардың ең үлкенi 97 жастағы қария. Ол жазылып шықты. Ал ең кiшкентайы 4 айлық сәби әлi ауруханада. Бұған қоса, 7 шетелдік ем алып жатыр. Олар АҚШ, Ауғанстан, Украина, Ресей азаматтары. Бесеуi карантиннен шығарылды. Ал тұрғындар сақтық шараларын қатаң сақтаулары керек.
Сонымен қатар, басқарма басшысы елордада 150 медициналық қызметкердiң вирусқа шалдыққанын айтты. Оның 30 пайызы iндеттi жұмыс барысында жұқтырған. Қалғандарының қайдан және қалай шалдыққаны бойынша тексеру жүрiп жатыр.
Сәуле АЛДАМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18