Нұр-Сұлтан тұрғындары вирустан қаншалықты сақтанып жүр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан тұрғындары вирустан қаншалықты сақтанып жүр?

29.04.2020

Елордада карантин басталғалы 4 мыңдай адам тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Ал кеше талаптар біршама жеңілдеп, сыртқа шығуға рұқсат берілді. Балаларды да ойнатуға болады. Бірақ үйге әрең сыйған кішкентайлар далада қаншалықты сақ жүр?  

Бір айдан аса қаңырап бос тұрған аулаларға кешелі-бері жан бітті. Әсіресе, көп қабатты үйде төрт қабырғаға қамалып, әбден іші пысқан кішкентайлар есік алдында еркін ойнап жүр. Бірақ асыр салуға әлі ерте.

Иә, оқшаулану ешкімге оңай болған жоқ. Шыдамай, тәртіп бұзып, жазаланғандар бар. Кешеден бері де көшедегілердің талапты сақтамай жүргені жайлы полицияға бірнеше хабар түскен.

Қала да, адам да қатаң қадағалауда. Бірақ ең қауіпсізі - өзіңді өзің қорғау. Әкімдік 65 жастан асқандарға және созылмалы ауруы бар адамдарға қажеттілік болмаса далаға шықпауға кеңес берді.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу