Еліміздегі мұнай компаниялары өнім көлемін 22 пайызға қысқартуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі мұнай компаниялары өнім көлемін 22 пайызға қысқартуы мүмкін

29.04.2020

1 мамырдан бастап «Теңізшевройл», «Қарашығанақ» пен «Қашаған» компаниялары мұнай өндіру көлемін 23 пайызға дейін қысқартуы мүмкін. Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы осылай дейді. Рашит Жақсылықовтың сөзінше, энергетика министрлігі, бұл қадамға ОПЕК келісімін орындау үшін баруға мәжбүр. Десе де сарапшы аталған мұнай компанияларының өндірісін қысқартпау керек деген ойда. Өйткені былтыр осы үш ірі оператор мемлекет қазынасына 4,5 триллион теңге салық салған. Оның тең жартысын, яғни 2,2 триллион теңгені «Теңізшевройлдың» бір өзі аударыпты. Сондықтан ірі салық төлеуші компанияларды, әсіресе «Теңізшевройлды», өндіріс көлемін қысқартуға міндеттеу дұрыс еместігін айтады. Одан да өндіретін мұнайының өзіндік құны жоғары, технолгиясы нашар мұнай компанияларын жапқан әлдеқайда дұрыс деп санайды.

Ал энергетика министрлігі болса, ОПЕК келісімін орындау үшін еліміздегі қандай комниялар өндірісін қысқартуы тиіс екенін әлі ашып айтпай отыр. Бұған қатысты ресми мәліметті апта соңында таратымыз деумен шектелді. Айта өтейік, биыл еліміз 86 миллион тонна қара алтын өндіруді жоспарлаған еді. Алайда, ОПЕК-тің келісіміне сай, Қазақстан қара алтын өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге азайтпақ. Нәтижесінде биылғы меже 75 миллион тоннадан аспауы мүмкін. Сарапшылар мұның экономикаға едәуір кері ықпалы болады деп отыр. Бюджет миллирадттардан қалығылатыны өз алдына, 15 мыңдай адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Дегенмен мәселе мұнымен де шешілмейтін секілді. Жаңа келісім мұнай бағасына оң әсер етпеді. Сондықтан Сауд Арабиясы ОПЕК елдерін қара алтын көлемін тағы 20 пайызды қысқартуға шақырды.

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу