Экологтар карантиннің қоршаған ортаға қолайлы екенін мәлімдеп отыр
Карантин экономикаға оңай болмағанымен, экологияға қолайлы болып тұр. Табиғат ұзақ жылдан бері бірінші рет кең тыныстап, дамыл тапты, аспан шайдай ашылғанын айтады экологтар. Әсіресе, көлік кептелісінен көз ашпайтын Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында көмірқышқыл газы мен азот тотығы қалыпты жағдайдан екі есе азайған. Мұндай көрсеткішке өндіріс пен кәсіпорын жұмысының уақытша тоқтауы, көлік қозғалысының шектелуі және жылу электр станциялары жұмысының бәсеңдеуі әсер еткен. Алайда, бұл мерзімді шектеу. Сондықтан карантин біткен соң үкімет экологияны жақсартуға қатысты мәселелерді қайта қарау керектігін айтады мамандар.
Гаухар ТӨЛЕКБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08