Сыр өңірінде карантин кезінде есірткі сатпақ болған тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде карантин кезінде есірткі сатпақ болған тұрғын ұсталды

28.04.2020

Қызылорда облысында есірткі сатпақ болған азамат құрықталды. Ал Таразда карантинге қармастан шаштараз жасырын жұмыс істеп келген.

Таразда шаштараз карантин режимін бұзды. Ол жергілікті жоғарғы оқу орынында оқып жүрген түркіменстандық бес студенттің шашын алып бермек болған жерінде ұсталды.

Ал Сыр өңірінде қатаң карантин режимі уақытында есірткі сатпақ болған Шиелі ауданының тұрғыны ұсталды. Ол кептірілген «марихуана» ұнтағын 2 мың теңгеден саудалаған. Бірақ, бұл ойы жүзеге аспады. Оның үйі мен жұмыс орнын тінту барысында 26 дана газет қиындысына оралған есірткі заты табылды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ал Талдықорғанда жол талғамайтын көлік жүргізушісі санитарлық бақылау бекетіне тоқтамай, полициядан қаша жөнелген. Тәртіпке бағынбаған азамат темір тұлпарын басқара алмай Үштөбе тас жолында аударылған. Тексере келе 27 жастағы Талдықорған тұрғынының алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Сондай-ақ көлікте жүргізушінің қызы болған. Екеуі де дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сауығып шыққан соң тәртіп бұзған азамат жауапқа тартылады.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу