Алматыда алдағы екі аптада 90 мыңға жуық адам жұмысқа кіріседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда алдағы екі аптада 90 мыңға жуық адам жұмысқа кіріседі

28.04.2020

Алматылықтар да саяжайларына бара алады. Тек ол аумаққа қандай мақсатта барғаны тексеріледі.

Қаладан шыққысы келген адам арнайы өтініш бермейді. Саяжайы бар екенін растайтын құжаты болса жеткілікті. Алайда, үш адамнан артық жиналуға болмайды және медициналық қорғаныс құралдары болуы тиіс. Сонымен қатар, мегаполисте екінші кезең бойынша қай салалар жұмысын бастайтыны анықталды. Әзірге, көлік жөндеу, дөңгелек ауыстыру, автосалон, көлік жуу орындары тек санитарлық тексерістен кейін ашылады. Бұл мекемелер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуі тиіс.

Сондай ақ екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары мен ломбардтар ертеңнен бастап жұмысқа кіріседі. Жалпы Алматыда алдағы екі аптада 90 мыңға жуық адам еңбек етуге шығады деп жоспарланған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу