Әуе билеттердің ақшасын қайтару уақыты созылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе билеттердің ақшасын қайтару уақыты созылып жатыр

27.04.2020

Төтенше жағдай жарияланғалы жол жүру шектелгені белгілі. Әуе және темір жол қатынасы тоқтады. Әу баста сатып алған билетін қайтара алмай дүрліккен жұрт енді жол жүру құжатын кері өткізсе де, ақшасын ала алмай әлек. Бұл, әсіресе ұшақ билеттеріне қатысты. «Қызмет көрсеткен компаниялар қашықтан жұмыс істеуге көшкелі олардан мардымды жауап ала алмай отырмыз» деп ашынған тұтынушылардың бірқатары біздің редакцияға да хабарласты.  

Сайттағылардың айтуынша, әуе компаниялары жолаушылардың ақшасын қайтару үшін әртүрлі қадамдарға барып жатыр.

Ішкі рейстерге алынған билет қайткенде де өтеледі екен. Тұтынушылар құқығын қорғау бірлестігіндегілер шетел асуға оқталып, тіпті, өзге ел сайттарынан билет сатып алғандардың жағдайы одан да қиын екенін айтады.

Түсінгеніміз – қазіргі жағдай авиакомпанияларды да қарызға белшесінен батырып отыр. Тек сәуір айының өзінде орындалуы керек 4340 рейстің барлығы тоқталыпты. Бұдан түйгеніміз – билетін сайт арқылы сатып алғандарға сабыр сақтап, күтуден басқа амал жоқ.

Абылай ӘДІЛЖАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу