Алматыда карантин режиміне қарамастан, жұмысын жалғастырған караоке бардың қожайыны жазаланды.
Демалыс орнына келушілерге мұнда түрлі қызмет көрсетіліпті. Олар елдегі төтенше жағдайды елеместен, көңіл көтерген. Тексеру барысында 12 адам ұсталды. 9 адам әкімшілік қамауға алынып, қалғандарына 10 айлық есепті көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Осыған ұқсас жағдай Әуезов ауданы аумағында орын алды. Мұнда карантин ережесін елемеген түнгі клуб қызметкерлері анықталды.Тексеру нәтижесінде полиция бөлімшесіне 30 адам жеткізілді. Олардың 6-уы қызмет көрсетушілер.
Жалпы қалада карантин жарияланғалы бері төтенше жағдай режимін бұзған 1861 адам әкімшілік жазаға тартылған. Оның 534-і әкімшілік қамауға алынып, қалғандарына айыппұл салынды.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ