Қандай кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетілмек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандай кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетілмек?

27.04.2020

Жұмысшы санын және еңбекақы көлемін азайтпау мақсатында ірі компанияларға қолдау көрсетіледі. Қазір олардың тізімі жасалып жатыр. Оған ел экономикасы үшін маңызды кәсіпорындар кіретінін айтты бүгінгі мәлімдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Бірақ көмек алуы мүмкін деген компаниялардың алдын ала жасалған тізімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желіге кең таралып кеткен тізімді түрлі ордақтар ғана емес, қарапайым жұрт та сынға алып, пікір білдіріп жатыр.

Құрылыс, көлік, энергетика, сауда, жылжымайтын мүлікті жалға алу, тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы ұзын ырғысы 361 кәсіпорын мемлекеттен көмек сұраған. Ұлттық экономика министрлігі өткен аптаның соңында Үкімет отырысында мемлекеттік комиссияға таныстырды.

Атамекен Палатасы министрлікке 1500-ден астам кәсіпорынның тізімін бірген. Оның ішінде барлық сала қамтылған. Ал мемлекеттік қолдау шаралары ретінде несиелер бойынша мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну, салық төлеуді кейінге қалдыру, жалпы барлық рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жеделдету қарастырылмақ. Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновтің пікірінше, мемлекеттіке қолдауға ие болатын кәісіпорындардың нақты тізімін жасақтап шығу үшін кемі үш апта уақыт керек.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу