Еліміздегі 210 мыңнан астам мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 210 мыңнан астам мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден беріледі

24.04.2020

27 сәуірден бастап мұқтаж отбасыларға арналған әлеуметтік көмектің екінші легі басталмақ. 210 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңгеден беріледі. Содай-ақ аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себетін үлестіру жалғасады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. Бұдан бұрын Елбасы бастамасымен «Біргеміз» қорынан 152 мың отбасы дәл осындай қаржылай көмек алып, 76 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті тегін таратылған.

165 мыңдай қазақстандық өз еркімен 42 500 теңгені мемлекетке қайтарды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілі Мұрат Жұмабай мәлімдеді. Айта кетейік, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының төлемі 4,2 миллион қазақстандыққа тағайындалған болатын. Оны 4 миллион азамат алған.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу