Атырауда жемқорлықпен ұсталған лауазымды тұлғаға үкім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жемқорлықпен ұсталған лауазымды тұлғаға үкім шықты

24.04.2020

Атырау облысында жыл басынан бері 40-тан астам жемқорлық қылмысы анықталған. Пара алғандардың 15-і лауазымды тұлғалар. Солардың бірі облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсауле Сайлауова. Ол қазына қаржысына қол салып, 118 миллион теңге бюджет ақшасын талан-таражға салған. Қылмысы дәлелденіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Мамандардың айтуынша, білім беру саласы жемқорлық жайлаған салалардың бестігіне кіреді. Мәселен, соңғы екі жылда орта білім беру саласында 65 құқық бұзу фактісі анықталып, 136 миллион теңге көлемінде зиян келтірілген. Заңсыз әрекет, денсаулық сақтау және мемлекеттік сатып алу саласында да дендеп тұр. Президент қол қойған заңдағы өзгерістер мен толықтырулар, енді, бірінші басшыларға тікелей жауапкершілік жүктейді. Өйткені қарамағандағы қызметкер пара алып, кінәсі дәлелденсе, басшы отставкаға кетуі тиіс.

ЖандосТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу