Қытайда коронавирусқа қарсы жасалған екпе сынақтан сәтті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирусқа қарсы жасалған екпе сынақтан сәтті өтті

24.04.2020

Қытай медиктері коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны макака маймылдарына салып, сынақтан сәтті өткізді. Қазір жаңа препарат клиникалық тәжірибенің алғашқы фазасынан өткізіліп жатыр. Бұл тестке 144 адам өз еркімен қатысуға келісім берген. Егер осы фаза ойдағыдай аяқталатын болса, сынақтың екінші кезеңі мамырда басталады.

Жаңа дәріні жасау үшін Қытайда, Италияда, Испанияда, Ұлыбританияда коронавирус жұқтырған адамдардың өкпесінен сұйық алынған. Ал осы препарат енгізілген жануарлардың организмі вирус штаммын жоятын күшке ие болып, олардың өкпесіндегі вирус бір аптада жоқ болған.

Дегенмен, Американың Питтсбург университеті ғалымдарының ойынша, қытайлық вакцина көп жануарға салынған жоқ. Сондықтан оның сәттілігі туралы айтуға ерте. Бұған қоса, адамдарда өршитін SARS Cov-2 вирусынан туындайтын ең ауыр симптомдар маймылдарда асқынбайтыны белгілі болып отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу