Елімізде такси қызметінің құны қымбаттап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде такси қызметінің құны қымбаттап кеткен

24.04.2020

Тұрғындар негізсіз қымбаттаған такси бағасына наразы. Соңғы уақытта тарифтің өзгеруі әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында байқалған. Көлік жүргізушілері кей бағыттарға екі есе жолақы сұраған. Бұл әлбетте, қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіреді. Ал бағаның өсуін бақылайтын монополияға қарсы комитет таксистерге ескерту жасады.

Карантин уақытында елордада 23 такси компаниясы, яғни, 700 жүргізушіге қалада жүруге рұқсат берген. Ал Алматыда карантинге байланысты 200 мың таксистің 2000-ғана жүруге рұқсат.

Егер такси бағасына қатысты тұрғындардан шағым түссе монополияға қарсы комитет бағаны негізсіз көтерген шағын және орта бизнес өкілдері мен коммерциялық емес ұйымдарға кірісінің 3 пайыз көлемінде, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 5 пайыз көлемінде айыппұл салады. Ал компанияның заңсыз жолмен тапқан пайдасы түгел тәркіленеді. Сондықтан бағаны көтерген жүргізушілер халықтың қаржысынан қалтаны қампайтам деп, айыппұл арқалауы әбден мүмкін.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу