Алматыда дәрігер-педиатр коронавирустан көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дәрігер-педиатр коронавирустан көз жұмды

24.04.2020

Алматыда белгілі дәрігер-педиатр коронавирустан көз жұмды. «Алтын дәрігер» марапатының иегері марқұм Гүлназым Нұрғалиева өмірін балаларды емдеуге арнаған екен. Ал жолдасы хирург, үлкен ұлы №12 қалалық клиникалық ауруханада травматолог болып жұмыс істейді.

Ал белгілі дәрігер-педиатрдың қайтыс болғаны туралы ақпарат бүгін жария болды. Марқұмның жақындарының айтуынша, 16 сәуірден бастап Гүлнвазым Нұрғалиеваның жолдасы мен ұлы каратинде ем алып жатқан. Ал соңғы тәулікте бұл індеттен 75 жастағы ер адам және 63 жастағы әйелдің көз жұмғаны белгілі болды. Әйел соңғы аптада көп жөтеліп, қызуы көтерілген. Алайда дәрігерге қаралмаған. Үйде өз бетімен емделген. Сондай-ақ бүгін Алматыда коронавирустық инфекциядан сауыққан тағы екі пациент емдеуден шығарылды. Екеуі де вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар. Екеуінің де жай-күйлері ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланған. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан 667 пациент емделуде. 1 адамның жай-күйі – өте ауыр, 21-інде – ауыр.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу