Дәрігерлерге берілген үстеме ақы әркімге әрқалай төленген. Кейбір медицина қызметкерлеріне ақша артығымен берілсе, енді біреулерге тиесілі қаражат мүлдем берілмеген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, талдау барысында аймақтық комиссияның Бұйрық талаптарын бұзғандығы анықталған. Қауіптілік тобы, жұмыс уақытының айлық балансы асыра көрсетілген. Соның салдарынан төлем мөлшері азайған.
Өткен айда 17 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне 3 миллиард теңгеге жуық үстеме ақы төленді. Ал сәуір айы бойынша 35-40 мың дәрігер мен медбикеге қосымша қаражат аударылады. Емхана қызметкерлеріне де үстемеақы беріледі. Олар ол ақшаны атқарған жұмысының уақытына қарай алады.
Ақерке БЕРІКБЕК