Елімізде эпидемиологиялық қызмет бойынша 300 маман қайта даярланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде эпидемиологиялық қызмет бойынша 300 маман қайта даярланады

23.04.2020

Медицина саласында білім алып жүрген 120 түлек эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау және гигена мамандығына қосымша даярланады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министр Елжан Біртанов кадрларды даярлауды реформалау тақырыбына арналған онлайн-конференцияда айтты. Министр мамандар жетіспеушілігін қамтамасыз ету үшін қысқа әрі орта мерзімдерге арналған жоспарларын ұсынды. Қысқа мерзім ішінде студенттер эпидемиологияның қосымша сағаттарын игеруі тиіс. Сондай-ақ эпидемиологиялық қызмет бойынша 300 маманды қайта даярлап, 9000 медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру көзделген. Айта кетейік, кеше ғана депутат Азат Перуашев Мәжілістің жалпы отырысында елімізде эпидемиолог мамандардың жетіспеушілігн айтып, үкіметке депутаттық сауал жолдаған еді. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу