Таразда стационардан қашпақ болған ер адам екінші қабаттан құлап қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда стационардан қашпақ болған ер адам екінші қабаттан құлап қайтыс болды

23.04.2020

Маңғыстауда полицейер жезөкшелерге қамқорлық көрсетіп, қауіпті індеттің таралуына жол берген. Ақтауда Полицейлер жеңіл жүрістілерге жезөкшелікпен айналысуға жол берген. Ең сорақысы, олар Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтың түнгі көбелектермен тікелей байланыста болғанын біле тұра жасырған. Жезөкшелердің Өзбекстан азаматтары екені анықталды. Олармен байланысқан азаматтар мен департамент қызметкерлері барлығы 87 адам оқшауланды. 2 жезөкшеден коронавирус анықталып, олар емделіп шыққан. Лауазымды тұлғалар қызметтен қуылды. Сондай-ақ Ақтауда мобилді блок бекетте тәртіп сақшысын көлік қағып кетті. Жарақаты жеңіл. Ал көлік жүргізушісі ұсталды.

Шымкенттік тәртіп сақшылары ақша ұсынған азаматтарды блок бекеттерден емір еркін өткізіп келген. Ал Қостанайда әкімшілік полиция қызметкері тұрғындардан пара алған. Төтенше жағдай кезінде құлықынын ойлаған қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, Петропавл да пара алғандар бар.

Таразда стационардан қашып кетпек болған ер адам аурухананың екінші қабатынан құлап, мерт болды. 42 жастағы азамат наркологиялық есепте тұрған.

Карантинге қарамастан, Алматы облысының Қапал ауылының маңында, қаруланған топ туған күн атап өтпек болған. Төрт травматикалық тапанша бір шолақ мылтық пен оқ дәрі тәркіленді. Бұзақылар қамауға алынды.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу