«Саяси партиялар туралы» заң жобасы талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саяси партиялар туралы» заң жобасы талқылады

22.04.2020

Енді партиялық сайлау тізіміне кіретіндердің 30 пайызы міндетті түрде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастар болуы тиіс. Мәжіліс депутаттары «Сайлау туралы» заңға енгізілген осы және басқа да түзетулерді бүгін бірінші оқылымда мақұлдады. Өзгерістерді әзірлеген Әділет министрі Марат Бекетаев заң жобасы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленгенін атап өтті.

Сондай-ақ бүгін депутаттар «Саяси партиялар» туралы заң жобасында талқылады. Құжаты Мемлекет басшысының Қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырыснда берген тапсырмасына сай әзірленген. Енді саяси партияларды тіркеу үшін оған мүше адамдардың саны 40 мың емес 20 мың болса жеткілкті. Бұл партия құру тәртібін жеңілдетіп, мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және қабылдау процессіне оң ықпал етеді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу