Маңғыстауда коронавирус жұқтырған әйел босанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда коронавирус жұқтырған әйел босанды

22.04.2020

Маңғыстауда коронавирусқа шалдыққан әйел босанды. Жаңа туған шақалақ індеттен аман. Ал Алматы облысының Шелек ауданында бір отбасының алты адамынан вирус анықталды. Оның екеуі — бала. Сондай-ақ Павлодар облысында ауру ошағы деп танылған үйлердің есігіне салынған бекіткіштер бүгіннен бастап алынып тасталды. Бұндай шешім қабылдауға тұрғындар тарапынан түскен арыз себеп болған. Алайда, есік ашық болғанмен оқшауланған жұрт сыртқа шыға алмайды.   

Ал Қарағандыда 300-ге жуық сарбаз ең үлкен орталық көшені залалсыздандырды. Олардың дені әскер қатарына алынған еріктілер. Осы күнге дейін әскерилер 8,5 миллион шаршы метр жол мен ғимарат ішін залалсыздандырған.

Батыс Қазақстан облысында індет өршігендіктен, 5 мың мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды. Өңірде науқастардың саны 70-тен асты. Сондықтан өңірде күні түні рейд ұйымдасырылып, бейсауат жүргендер жазаға тартылуда.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу