Вирус жұқтырған бұрынғы вице-министр Қамалжан Надыровтың денсаулығы жақсы, ауру жеңіл формада өтіп жатыр. Бұл туралы ол Facebook парақшасында бөлісті. Қамалжан Талғатұлы елордадағы арнайы орталықта ем алып жатқанын хабарлап, вируспен күресіп жүрген дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді. Ол бұған дейін де бірнеше рет тест тапсырғанын айтады. Бұрыңғы вице-министр соңғы екі аптада өзге облыстарға барып, коронавируске қатысты тексеру жұмыстарын жүргізген. Қызмет бабымен 3-4 облыс пен қалаларды аралаған. Болжамға сай ол осы іс-сапар барысында жұқтыруы мүмкін. Қазір сол бағыттар бойынша эпидемиологиялық тексерістер жүріп жатыр. Байланыста болғандардың барлығынан міндетті түрде вирусқа қарсы сынама алынады. Айта кетейік, экс вице-министр күні кеше Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалған еді. Осы жағдайға байланысты бұрынғы лауазым иесінің өз еркімен жұмыстан кету туралы өтінімі уақытша тоқтатылды.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантиннің мамыр айында да жалғасуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, қазір еліміз індеттің таралуы шарықтау шегіне жетті. Бірақ, қауіп келер айда кұшейіп, вирус жұқтырғандар саны екі есе көбеюі мүмкін. Сол себепті, министр азаматтар қауіпсіздікті сақтап, карантин талаптарын ескермесе, қатаң шектеу шаралары қашан аяқталатынын нақты болжау қиын екенін айтты.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ