Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту шаралары ширай түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту шаралары ширай түсті

21.04.2020

Дағдарысқа қарсы халық үшін әзірленген әлеуметтік бастамалар мерзімді әрі сапалы орындалып жатыр. Ең бастысы, ел көңілін шығып отыр. Нарық пен халықтың қас-қабағын бағып отырған экономистер осындай пікір айтты.

Үкімет өлара шақта халықтың үдесінен шығудың барлық амалын қарастырған. Төленіп жатқан жәрдемақы, өтемақыдан тыс коммуналдық төлемдерді жұмсартуға кірісті. Бұл ретте, жұмыссыз жүрген немесе тапқан табысы жоққа жақын жұрттың жағдайы басты назарға алынады. Алдағы 2 ай көлемінде әлгі санаттағы ағайынның отын-суының орнын жабуға 15 мың теңгеден аударылмақ. Несиесін уайымдаған миллиондаған адамның мәселесі де ыңғайланды. Тіпті, Тұрғын үй жинақ банкі арқылы алынған ипотекалық қарыздардың да мерзімі жылжыды. Бұдан бөлек, 1 шілдеге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға тіркелмеген азаматтардың емін-еркін ем қабылдауына рұқсат етілді. Сарапшылардың сөзінше, Үкіметтің осы жолғы жомарттығы әдеттегіден екі есеге асып түскен.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу