Алматы полицейлері көшеде жүргендерді «Сергек патруль» қосымшасы арқылы тексереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы полицейлері көшеде жүргендерді «Сергек патруль» қосымшасы арқылы тексереді

21.04.2020

Алматы полицейлері енді көшеде жүргендерді «Сергек патруль» қосымшасы арқылы тексереді. Алайда, көпшілік бұл жүйені «Сергек» камераларымен шатастырып алған. Әкімдіктегілердің мәліметінше, «Сергек патруль» қосымшасына «Info Almaty.kz» сайтындағы барлық мәлімет енгізілген. Осының нәтижесінде кәсіпорындар порталына тіркелгендер қалада емін-еркін жүріп-тұруға мүмкіндік алады. Аталған қосымша полицейлердің планшетіне ғана енгізіледі және 23 сәуірден бастап осы жүйе арқылы тексеріс жүргізіле бастайды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғаушылар қалалық әкімдікпен келісімге келген. Қазір мегаполисте 214 мекемеде жұмыс істейтін, бірақ қалада тұрғылықты мекен жайы жоқ жұмысшыларға жүріп-тұруға рұқсат берілген. Ал бұған дейін жүйеге енбеген кәсіпорындар қалалық штабқа хабарласып, өтініш білдіруіне мүмкіндік бар.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу