Биыл елімізде 1,5 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 1,5 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өтеді

21.04.2020

Биыл елімізде 1,5 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өтеді. Оның 1 мың 1 жүз шақырымы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бүгінгі үкімет отырысында Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деді. Автожол саласына биыл 680 миллиард теңге бөлінбек. Оның 421 миллиард теңгесі республткалық, ал қалғаны жергілікті желілерге бағытталады.

Бес жылға арналған Нұрлы жол бағдарламасы былтыр бекітілген. Биыл жүзеге асыру басталды. Мемлекеттік бағдарламада бойынша 5,5 триллион теңгеге 112 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қарастырылған. Нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың 100 пайызы, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайызы жақсы және қанағаттанарлық дейтіндей деңгейге жетпек. Ал ақылы автожолдарды 682 шақырымнан 11 700 шақырымға жеткізу көзделген.

Бағдарлама аясында алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жолдың құрылысы мен реконструкциясын және республикалық желідегі 11 мың шақырым күре жолдарды күрделі әрі орташа жөндеу көзделіп отыр.

2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 27 мың шақырымы жөнделеді. Осылайша облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайызының сапасы жақсарады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу