Алкоголь вирустан қорғамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алкоголь вирустан қорғамайды

19.04.2020

Әлем елдерінде алкогольді ішімдіктер саудасы артқан. Мысалы, Ресейде наурыздың соңғы аптасында кейбір түріне сұраныс 50 процентке дейін өскен. АҚШ-та 55 пайызға көбейген. Бұл тенденция Британия, Францияда да байқалатынын жазды Би Би Си порталы.

Негізгі екі себебі бар: стресс, алаң көңілді басу, екінші жағынан, спиртті ішімдік вирус жұқтырмауға көмектеседі дегенге сену. Бірақ мамандар да, дәрігерлер де алкогольдің ешқандай да көмегі жоғын айтады. Керісінше, арақ-шарапты үздіксіз пайдалану иммун жүйесін әлсіретеді, мысалы, ондай адамның өкпесінің қабынуы оп-оңай, сонымен бірге алаң көңілді де баспайды, керісінше, уайымшыл ете түсетіні дәрігерлердің комментарийлерінде жазылған.

Тойлар өтпей жатса да, алкогольді ішімдіктердің саудасы бізде де артқан сияқты. Ресми мәлімет жоқ, себебі статистика комитеті әлі ондай ақпар дайындамағандарын айтты. Ал Нұр-Сұлтандағы арақ-шарап сататын екі ірі сауда үйінің басшылары сауданың 70 пайызға өскенін айтты.

Ақерке БЕКТАС


Хабарламаларға жазылу