Ақмолалық диқандар бағасы арзандатылған жанар-жағармайға қол жеткізе алмай отыр
Ақмолалық диқандар бағасы арзандатылған жанар-жағармайға қол жеткізе алмай отыр. Дизель отынының құны литріне 165 теңге болып бекітілсе де, кәсіпкерлер 177 теңгеден сатып алуға мәжбүр. Ал көктемгі егіс науқанының басталуына санаулы күн қалды.
Жанар-жағармайдың бағасын реттеу жергілікті атқарушы билікке жүктелген. Бірақ жауапты орган өкілдері жеткізуші операторлар өнімді қымбатқа алып қойған дегенді алға тартып отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен энергетика министрлігі қабылдаған құжат бойынша наурызда сатылып, зауыттардан жіберілген жанар-жағармайдың құны қайта есептелмейді. Демек, шаруаларға 165 теңгемен жеткізілетін дизель отынын күтуден басқа амал жоқ.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18