Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кәсіпорындар ашылуға дайындалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кәсіпорындар ашылуға дайындалып жатыр

17.04.2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда сәуірдің жиырмасынан бастап жұмысына кірісетін кәсіпорындар ашылуға дайындалып жатыр. Оларға қойылатын басты талап — санитарлық нормаларды сақтау. Сондықтан кәсіпорын басшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қызметкерлердің вирус жұқтырып алмауына жағдай жасауға міндеттелді. Ал заң бұзушылық анықталса, оларға елдегі төтенше жағдай аяқталғанға дейін жұмыс істеуге тыйым салынады.   

Нұр-Сұлтан қаласында да құрылыс барысын бастан-аяқ қадағалайтын мекеме жұмысқа кірісуге әзірлік жүргізіп жатыр. Дәл осындай талапты 20-шы сәуірде жұмысын бастайтын құрылыс нысандары да сақтауы тиіс. Әйтпесе, рұқсат берілмейді.

Сондай-ақ қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада халыққа қызмет көрсету орталығы тек кәсіпкерлер үшін жұмыс істейтінін айтты. Наурызбай ауданындағы бұл орталықтың бір кеңсесі аптасына 5 күн таңғы 9:00-ден 16:00-ге дейін бизнес өкілдеріне қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, ірі мегаполисте бүгінге дейін жұмыспен қамтылғандар саны 728 мың адамға азайды. Қашықтан жұмыс істеуге көшкендерді қоспағанда 300 мыңға жуық адам уақытша табыссыз қалды. Ал аталған кәсіпорындарды іске қосудың нәтижесінде бір ай ішінде 90 мың адам жұмыспен қамтылмақ.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу