42500 теңгені алатын адамдар саны 3,5 миллионға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42500 теңгені алатын адамдар саны 3,5 миллионға жуықтады

17.04.2020

42500 теңге жәрдемақыны нақты алатын адамдар саны 3,5 миллионға жуықтады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай мәлімет таратты. Ведомствоның ақпаратына жүгінсек, ең көп жәрдемақы алған адамдар Алматы мен Түркістан облыстарында тұрады. Үштікті Алматы қаласы қорытындылайды. Жалпы осы қаражаттан 6 миллион 7 жүз мыңға жуық азамат үмітті болса керек. Бұл тізімді де Алматы, Түркістан облыстары бастап тұр. Одан кейінгі орында Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент мегаполистері.

Айта кетейік, 42 500 теңге төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған мынадай тұлғаларға тағайындалады: жалақысы сақталмайтын демалысқа кеткен қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, коммерциялық емес заңды тұлғалар, құқықтық салада ақылы қызмет көрсететін азаматтар, біріңғай жиынтық төлем төлеп жүрген жеке тұлғалар мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс тауып, салықтарын уақытылы төлеген жұмыскерлер. Назар аударыңыздар, министрлік өкілдері өтініш жазғанда деректерді мұқият толтыруды сұрайды. Мамандар азаматтар көбіне банктегі есепшоттың орнына картадағы 16 сандық деректі жазыпғ қателік жіберетінін айтады. Салдарынан мұндай арыздар қанағаттандырылмай жатса керек.

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу