Петропавлда полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен азамат жауапқа тартылды
Петропавлда полиция қызметкеріне қатысты тексеріс басталды. Оқиғаны қала тұрғындарының бірі түсіріп алып, әлеуемттік желіге салып жіберген. Өткен сенбі күні Назарбаев көшесіндегі аулалардың бірінде шақырту бойынша келген тәртіп сақшылары екі ер адамның арасындағы төбелестің үстінен түседі. Олардың біреуі тәртіп сақшыларының ескертуін елемек түгілі қарсылық танытып, балағаттай бастаған. Полицей мас адамды ұстау үшін қолын қайырып, жерге алып ұрған. Нәтижесінде бұғанасы сынып, дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы өңірде карантин енгізілгелі бері талап сақтамаған 232 адам ұсталып, 96-сына әкімшілік хаттама толтырылды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18