2 миллионнан аса адамға 42 500 теңге берілмейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 миллионнан аса адамға 42 500 теңге берілмейтін болды

16.04.2020

2 миллионнан аса адамға 42500 теңге әлеуметтік төлем берілмейтін болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі олардың өтініштері мақұлданбағанын хабарлады. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 6 миллионға жуық өтініш түскен. Алайда, олардың 37 пайызы қолдау таппады. Атап айтсақ, 237 мың мың адам өтініш берген кезде жеке бас немесе банк деректерін дұрыс көрстепген. Оның ішінде, көп адам банктің 20 таңбалық IBAN номерінің орнына банк картасының 16 деректемелік нөмірін жазған. 850 мыңнан аса азамат ақысыз демалысқа жіберілгені жайлы бұйрықты күтпестен, төлемге өтінім берсе керек. Сондай-ақ зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылардан да өтінімдер түсіпті. Ал бұл санаттағы адамдарға 42 500 тағайындалмайды. Сондай-ақ 1 миллион 1 жүз мыңнан аса адам төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі 12 ай ішінде бір рет те әлеуметтік аударым жасамаған. Қайтыс болған немесе шетелдеге жүрген адамдардың да атынан өтініш бергендер де жоқ емес.  

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу