Лондоннан келген 2 адамнан вирус табылды
Ақмола облысындағы індет ошағына айналған «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тағы бір адам індетке шалдықты. Ол сол мекеменің дәрігер терапевті, 61 жастағы азамат. Бұдан бөлек, осы мекеменің басқа қызметкерінен де вирус белгілері анықталды. Орталыққа індетті әкелген де сол адам болып шықты. Әуелде ауру жұқтырғанын білмеген ол бастапқыда тек тасымалдаушы болған.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 29-ға жетті. Анықталғандардың бірі 15-нші сәуірде Ресейден келген. Мамлютка қаласының 52 жастағы тұрғыны. Тағы екеуі осыдан 3 күн бұрын Лондоннан оралған. Бірі — 20 жастағы студент, екіншісі — 40 жастағы әйел.
Ақтөбеде індет жұқтырған науқастар саны 14-ке жетті. Ал Батыс Қазақстан облысының тағы 5 тұрғынынан коронавирус індеті анықталды. Оның үшеуі Ресейден вахталық жұмыстан оралғандар. Облыста COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 25 адамға жетті. Оның 20-сы сырттан келгендер.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы