Өңірлердегі індетпен күресіп жатқан дәрігерлер үстемақыларын алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлердегі індетпен күресіп жатқан дәрігерлер үстемақыларын алуда

15.04.2020

Басын қатерге тігіп, ауру ошақтарында үй бетін көрмей, адал еңбек етіп жатқан дәрігерлердің еңбегі ерен. Елдің амандығы үшін жанқиярлықпен жұмыс істеп жүрген ақ халаттылар қандай құрмет-қошеметке болсын лайық. Осы орайда, індетпен күреске ат салысып жүрген медицина қызметкерлеріне қосымша үстеме ақы тағайындалған болатын.

Батыс Қазақстан облысындағы қызметкерлері қосымша төлем алған мекеменің бірі- Бәйтерек ауданындағы провизорлық стационар. Бүгінде 20-ға жуық маман науқастарға медициналық қызмет көрсетеді.

Ал кеншілер өңірі Қарағандыда республикалық бюджеттен 1349 маманға жалпы сомасы 139 миллион теңге төленді. Сыйақы мөлшері сағат санына және қызметкердің біліктілігіне байланысты. Сондай-ақ облыстық бюджет есебінен тағы 1677 маманға қосымша еңбекақы берілді. Оның ортақ сомасы 197 миллион теңгеден астам.

Ақмола облысында боса, 529 медицина қызметіне қосымша ақы төленді. Ал Маңғыстауда жедел-жәрдем қызметінде жұмыс істейтін 633 қызметкерге 2 жалақы мөлшерінде үстемақы берілетін болды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 78 миллион теңге бөлінді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу