Алматыда вирус жұқтырған медициналық қызметкерлер саны 218-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда вирус жұқтырған медициналық қызметкерлер саны 218-ге жетті

15.04.2020

Дертті дәрігерлер дауы! Алматыда коронавирус жұқтырған медициналық қызметкерлер саны 218-ге жетті, олардың 182-сі бір ғана орталық қалалық клиникалық аурухана мамандары болып шықты. Инфекцияның бұлай бақылаудан шығып, даудың ушығуына не себеп?

Дегенмен, індеттің бақылаудан шығыуына дәрігерлердің өздері кінәлі екенін айтқан еді облыстық СЭС бастығы. Алайда, Бас санитардың мұндай мұндай мәлімдемесі ақхалаттылардың шамына тиіп отыр. Оның үстіне осы жағдай кезінде жауапты болған аурухана басшы қызметінен босатылды. Аурухана мамандары бұл шешімге де қарсы. Сол үшін кеше Президентке дейін шағым жазып тастады.

Мегеополистегі дәрігерлердің дерті мен дауы ушығуына байланысты шұғыл көмекті екі стационар – № 7 және № 4 Қалалық клиникалық аурухана мамандары көрсетіп жатқан еді. Бүгін №4 ауруханадан бір науқастың анықталуына байланысты карантинге жабылды.

Бүгін Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 380 жағдайы тіркелді, оның ішінде 6 бала және үш жүкті әйел бар. Қаланың стационарларында 311 науқас емделуде. 3 адамның жағдайы ауыр, ал 55 науқастікі ауырлықтың орта дәрежесінде.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу