Мұнай саласында істейтін 15 мыңдай адам жұмысынан айырылуы мүмкін
Мұнай саласында жұмыс істеп жүрген 15 мыңдай адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев осылай дейді. Экономист ОПЕК+-тің осы аптадағы келісімінің Қазақстанға тигізер салдары осындай болады деп отыр. Себебі еліміз күніне 390 мың баррель мұнай өндірісін қысқарту міндеттемесін алған еді. Биыл еліміз 86 миллион тонна қара алтын өндіруді жоспарлаған. Алайда Қазақстан алдағы 8 айда өндірісті 11 миллионға қысқартуға міндетті. Атап айтсақ, Алғашқы мамыр-маусым айларында 3,2 миллион тонна, кейінгі 6 айда 8,5 миллион тонна. Яғни тек 75 миллион тонна мұнай өндірілмек. Салдарынан өндіріс саласы едәуір зардап шегуі мүмкін екенін айтады сарапшы.
Лейла ДУЛАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18