XI АЭФ алаңыңда жұмыс істеп жүрген журналистер саны 1000-ға жуықтайды
Биылғы форум жылдағыдан ауқымдырақ. 11-ші рет өтіп жатқан жиынды ұйымдастыруға жан-жақтан 1500 адам тартылды. Конгреске 111 елден 5000 адам қатысып жатыр. Астана экономикалық форумы жайлы ақпарат таратып, алаңда жұмыс істеп жүрген журналистер саны 1000-ға жуықтайды.
Олардың 120-сы шетелдік БАҚ өкілдері. Биыл спикерлер мен журналистер саны бұрынғыдан әлдеқайда көп. Форум тарихында тұңғыш рет іскерлік бағдарлама кеңейіп отыр. 76 шара өтеді деп жоспарланған.
Сондай-ақ, жиынның сәтті өтуіне Назарбаев Университеті мен Еуразия Ұлттық университеті және қазақстандық заң университеттерінің студенттері атсалысуда. Білім ордаларынан 400 ерікті жұмыс істеп жүр. Айта кетерлігі, осы жолғы форумда жастарға баса назар аударылып отыр. Студенттер үшін әлемнің беделді деген тұлғалары дәріс оқиды.
Альбина ӘШІМ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
