Президент даңқты бапкер Бекет Махмұтовтың отбасына көңіл айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі спорт қайраткері, даңқты бапкер Бекет Махмұтовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына және жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Бекет Сапабекұлы ұзақ жылдар бойы елімізде спорт саласын өткендету жолында еселі еңбек етіп, құрметке бөленген еді. Әсіресе, қазақ спортын жоғары деңгейге көтерген білікті бапкер ретінде есімі ел тарихында қалатыны анық. Салмақты да сабырлы мінезімен өз ортасына сыйлы болды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10