АЭФ жұмысы 19 мамырға дейін жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭФ жұмысы 19 мамырға дейін жалғасады

17.05.2018

Бүгін Астанада «Global Challenges Summit 2018» форумының жұмысы басталды. Осы экономикалық форумға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, қарым-қатынас мәселесінде алпауыт мемлекеттердің негізгі проблемасын атады.

Халықаралық деңгейдегі мұндай жиын елордамызда осымен 11-ші рет өтуде. Форумы жұмысы 19 мамырға дейін жалғасады. Бұған дейінгі форумдарда жаһандық экономика, цифрландыру және тағы басқа мәселелер қаралса, биылғы форум барысында ресурстар, роботизация, адамзаттың өзгеруі, агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктер, денсаулық саласының мәселелері талқыланады.

Биыл форумға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысуда. Бұл - Астана экономикалық форумындағы рекордтық көрсеткіш.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу